ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Докучаевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
п. Докучаева, ул. Школьная, 1
8 (71445) 5-12-98
dokuchaeva@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Докучаевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Р 10

Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының назарына!

2026 жылы орта білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау әр облыс үшін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мұндай шешім электрондық egov.kz үкімет порталына жүктемені азайту мақсатында қабылданды.

Қостанай облысында құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, осы жылдан бастап мектептер жанындағы мектепалды сыныптардың тәрбиеленушілері ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданатынын хабарлаймыз.

Егер ата-аналар мектепке дейінгі сыныпты бітіргеннен кейін басқа мектепті таңдаса, құжаттарды беру жалпы негізде жүзеге асырылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-аналарының өтініші бойынша даярлық деңгейіне қарамастан қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;

Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№065-у нысаны) және баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны);

3×4 см фотосуреттер (2 дана).

Құжаттарды қабылдау тәртібіне немесе беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілген кезде тиісті ақпарат Сіздің назарыңызға уақтылы жеткізілетін болады.

© 2026. Все права защищены.